$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда жасалатын ракка қарсы дәрі қанша тұрады?

31.03.2026ж. 19:00
Қазақстанда жасалатын ракка қарсы дәрі қанша тұрады?

Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша тұрады? Ғылым және жоғары білім министрі  қатерлі ісікпен күресетін препараттың құны өте арзан болатынын айтты. Өйткені,әлемде теңдесі жоқ дәрінің құрамы қарапайым. Компоненттері, шамамен, 15-16 мың теңгенің айналасында. Бірінші клиникалық нәтиже жаман емес,  ішкі ағзадағы жаман ауру түрлеріне жақсы әсер еткен. Қазір тексерістің екінші кезеңі басталды. Сынақ елордада жалғасады.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Біз «арсеник» қышқылын шетелден сатып аламыз, ал глюкозаны өзімізде шығады. Егер қышқылды да өзіміз шығарған жағдайда 10-12 мың теңге көлемінде болар еді. Өте арзан.