$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада Өңірлік Экологиялық Саммит өтеді

Астанада Өңірлік Экологиялық Саммит өтеді

Әлемнің 30 елінің белгілі ғалымдары, сарапшылары мен саясапткерлерінің басы Астанада қосылады. Елордада 22-сі мен 24 сәуір аралығында Өңірлік Экологиялық Саммит өтеді. Барлығы 3000-ға жуық қатысушы тіркелген. Тек Қазақстан немесе Орта Азия емес, алқалы жиын бүкіл Еуразия құрлығы үшін маңызды, - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестірушісі. Саранг Раднарагчаның айтуынша, жаһандық жылынудың кері әсері Азияға да, Еуропаға да кері әсері өзгелерге қарағанда екі есе көп. Жиын қорытындысы бойынша, 30 құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

САРАНГО РАДНАРАГЧА, БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Қазақстанды осындай өңірлік саммитті өткізейін деп жатқаны үшін ғана емес, осы аймақта экологиялық күн тәртібін орнатуда жетекші рөлді өз мойнына алғаны үшін алғысым шексіз. Қазақстан бұл алаңды серіктестік пен диалог алаңы ретінде ғана емес, нақты шешімдер қабылданатын орта ретінде ұсынып отыр. Экологиялық проблемалар белең алып, бірінің артынан бірі адамзатты қапы қалдырып отырған кезде, аса керек деп санаймын. Жаөандық климаттық өзгерістер, оның ішінде судың жетіспеушіліг мен топырақтың бұзылуы – тікелей адам өміріне негативті әсер келтіреді.