Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабын Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері талқылады. Жиында Президенттің елдің жаңа тарихындағы рөлі айтылды. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы кеңес мүшелері, шетелдік сарапшылар, этономәдени бірлестік өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сондай-ақ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы мен президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауының мәтініндегі Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары алдында тұрған міндеттерді қарастыру жоспарланып отыр.
Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы:
Бұл
құндылықтарды қалыптастыру және жалпы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға
бағытталған еңбек. Бұны біз бір іс-қимылмен немесе тек қана бүгінгі бір шарамен
ғана шектей алмаймыз. Бұл біздің қоғамда қалыптасып сатыдан сатыға көшкен кезде
белгілі болады.