$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда 7 аймақты аралайтын білім автобусы жолға шықты

Қызылжарда 7 аймақты аралайтын білім автобусы жолға шықты

Қызылжарда Манаш Қозыбаев университетінің өкілдері ел аралап, студент іздейді. Білім автобусы жолға шықты.  “Serpin way” жобасы осымен екінші жыл   іске асырылып жатыр. Делегация мүшелері республиканың жеті аймағына барып, жастармен кездеспек.

Манаш Қозыбаев университетінде Серпін бағдарламасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінде бұл жоба аясында 1400-ден астам адам білікті маман атанған. Одан бөлек, тағы 130 студент қазір теріскейлік университетте біліп алуда. “Serpin way 2.0” жобасы аталған бағдарламаны ел арасында насихаттауды көздейді.

АСАНАЛИ ЖАНАТҰЛЫ, М. ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Ең басты мақсатымыз - білім саласына қосатын үлесіміз. Себебі біз нақты оңтүстіктен келген студенттерге төрт жылға жатақхана береміз. Олардың оқу гранттары бар. Себебі ол региондарға арнайы Серпін квотасы беріледі. Соның арқасында біздің жобамыз алға тартады.

Білім автобусы Алматы, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарын қамтитын 14 қала және 16 ауыл мен аудан орталығына бармақ. 23 күннің ішінде 6 мың шақырымды жүріп өтеді.  Жастармен 120 кездесу өтеді деп жоспарлануда.

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ, “SERPIN WAY 2.0” ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің университетте 150 білім бағдарламасы бар. Оның ішінде магистратура, бакалавр, доктарантура бар. Сосын тағы мындай фишкамыз бар. Америка құрама штаттарымен бағдарламамыз бар. Студент бізге түсіп, екі диплом ала алатын мүикіншілік бар.

Жалпы былтыр университетте 1200 орындық қос жатақхана салынып, жатын орындарының профициті пайда болған. Осының арқасында білім ордасы өзге аймақтан келген барлық студенттерді жатақханамен қамтуға қауқарлы екенін айтады.