$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда экологияға қатысты деректі фильм көрсетілді

31.03.2026ж. 19:00
Павлодарда экологияға қатысты деректі фильм көрсетілді

Павлодарда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Eco Cinema Night» атты деректі фильм көрсетілді. Фильмде «Қаланы қалай жақсарта аламыз?» деген сұрақтың жауабы көрініс тапқан. Бұл жаһандық және экологиялық күрделі мәселелерді шешуге, қоршаған ортаны қорғауға үндейді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар өз ойларымен, әсерлерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, талқылауға қатысты. Бұл өз кезегінде фильмдерде көтерілген мәселелерді тереңірек түсінуге және нақты шешімдер табуға мүмкіндік береді.

СӘНИЯ МҰСИЫПОВА, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢСЕ БАСШЫСЫ:

Осы іс шараның басты мақсаты экологиялық мәдениетті, экологиялық этикетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және қазіргі таңда үлкен үлкен  проблемаларды насихаттау және алдын алу мәселесін қарастыру болып табылады.