Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында боулинг турнирі өтті. Жарысқа қаладағы түрлі қоғамдық ұйымдардың 30-дан астам өкілі қатысты. Биылғы турнирдің басты ерекшелігі - экстрабилити әдістемесінің таныстырылымы. Қатысушылар спорттың жасырын қабілеттер мен таланттарды дамытуға қалай көмектесетінін көрсетеді, ал «көзді жұмып ойнау» элементтері әртүрлі физикалық мүмкіндіктері бар жандар арасындағы шекараны жоюға мүмкіндік береді. Олардың өз қабілетін танытып, жаңа орта табуына жол ашпақ. "Наурыз-2026" сайысына қатысушылар жарыстан жақсы әсер алғанын айтады.
МҰРАТ АБДУМОМЫНОВ, «МҮГЕДЕК ЖАСТАР ҚОҒАМЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
Біз мұндай турнирлерді дамыту қажет деп санаймыз. Себебі бұл инклюзивті орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инклюзия тек қолжетімділікпен немесе белгілі бір жағдай жасаумен шектелмейді. Ең алдымен, бұл – қоғамның түсінігі, яғни барлық адамның тең екенін және әрқайсысының мүмкіндігі бар екенін қабылдауымыз қажет. Сондықтан осындай ортақ іс-шараларды бірге өткізу – баршаға қызықты әрі маңызды.
СЕКСЕНБАЙ ЕСЕЛБАЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Өздерің білесіңдер мүгедек адамдар олар пособия алады. Пособиелары кішкентай. Осындай келетін жерлерге жағдайы жоқ. Осындай организациялар қосылып бірдене ұйымдастырғанда ол өте жақсы деп ойлаймын.