Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Батыс аймақтарда күн ысиды

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
3280
Батыс аймақтарда күн ысиды

Елдің бірқатар аймағында ыстық ауаның беті қайтады. Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін жетуі ықтимал. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасады. Ал 40 градустық ауа температурасы батыс аймақтарға ауысады.

Ал Италияда ауа температурасы +50 градусты көрсетіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі 16 қалада қауіптің қызыл деңгейін жариялаған. Олардың арасыныда ел астанасы Милан және Болонья, Флоренция, Неаполь сынды ірі қалалар бар. Синоптиктер, Италияда аптап ыстық әлі 1 аптадай сақталады, деп отыр.