Қызылжарда жасөспірім көшеден тауып алған шылымды шегіп, аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Жергілікті университеттің үшінші курс студенті темекіден кейін бірден өзін нашар сезінген. Ізінше жедел жәрдемге хабарласқан. Дәрігерлер науқастың денесі дірілдеп, басы айналғандықтан оны жансақтау бөліміне жатқызған. Қан сараптамасы оның есірткіні қабылдамағанын көрсетті. Алайда, нақты қандай затты тұтынғаны әзірге белгісіз. Қазір қыз баланың жағдайы жақсы, дейді ақ халаттылар.