$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін. Жоғары пайыздық несиелерге шектеу қойылып, оларды халық үшін қауіпсіз ету көзделіп отыр. Бұл туралы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі 25 проценттік мөлшерлемемен берілетін ипотека өте қауіпті. Мұндай несие 10 жыл ішінде үш есеге дейін өсуі мүмкін. Сондықтан Ұлттық банк ипотекалық бағдарламаларды қайта қарауды жоспарлап отыр. Осылай пайыздық мөлшерлемелерді реттеп, халықты шамадан тыс қарыз жүктемесінен қорғамақ.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Келесі жылдың шілде айынан бастап біз әдіснамамен жұмыс істеп жатырмыз – белгілі бір шаралар қабылдаймыз. Себебі, тағы да қайталап айтамын, жылдық 25% мөлшерлемемен ипотека – өте қауіпті. 10 жылдағы артық төлем үш есеге дейін жетеді. Біз қаржылық тұрақтылықтың бұзылуына жол бермеуіміз керек, азаматтарымыздың қаржылық кіріптарлыққа түсуіне жол бермеуіміз қажет.