$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда су және кәріз желісін жүргізген жұмысшылар еңбекақысын ала алмай жүр

AstanaTV
01.04.2026ж. 19:00
Алматыда су және кәріз желісін жүргізген жұмысшылар еңбекақысын ала алмай жүр

Алматыда су және кәріз желілерін жүргізген жұмысшылар бірнеше айдан бері еңбекақысын ала алмай жүр. Бас мердігер де, қосалқы да басын алып қашып отыр дейді. Енді 40-тан астам адам маңдай термен істеген еңбегінің ақысын кімнен дауларын білмей дал. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Әйгерім Есенкелді жеткізеді.

Су және кәріз желілерін тарту жұмыстары өткен жылы қыркүйек айында басталған. Құрылысқа бірнеше мердігер компания тартылып, жұмысшылар бірнеше ай еңбек еткен. Алайда жоба аяқтала бергенде еңбекақы төлеу мәселесі туындаған. Әрқайсысы жауапкершілікті бір-біріне сілтеп, біз екі ортада қалдық дейді олар.

ЖАНГЕЛДІ СЕЙДІКЕНҰЛЫ, ЖҰМЫСШЫ:

25 жылдың қараша, қазан айларында жалпы істеген жұмысымыз 22 млн теңге болған. Соның 10млн теңгесін берді да, қалған 12 млн теңгесін 4 ай болды әлі бермей жүр. Міне өздеріңіз көргендей көшені бітіріп аяқтап тастағанбыз. 4 ай жұмыссызбыз, жаңағы балалардың пәтерақысы бар, бала шағалары бар деген сияқты. Бізді уже игнорить етеді. 4 ай болды қашып жүр.

Ал жұмысшыларды жұмылдырған компания өздеріне де төлем толық түспегенін айтады. Айтуларынша, тіпті жеке қаражатын құйып, жұмыстың 98 пайызын аяқтаған.  Басшылар  сәуірге дейін барлық қарызды өтейміз деп уәде берген соң, жұмысшыларымыздан шыдай тұруын сұрадық дейді.

БАУЫРЖАН СЕЙІТҰЛЫ, ЖШС ТЕХНИКА ӨНДІРІСТІК БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Алатау әкімдігі төлеп отқан ақшаны бас мердігер Алматы Строй арқылы алып отырғанбыз. Енді ол кісілер бізге осы келісім шарт бойынша 60млн ақшаны төледі. Бізге сол ақша жетпеді. Ол ақшаның қазіргі уақытта сол 23 млнның есебі жоқ. Балалар жарым-жартылай ақшаларын алған. Бірақ енді осы ақшамен біз құтылатын едік жұмысшылардан.

Бас мердігер болса, құрылыс барысында заңбұзушылықтар анықталды, соған байланысты компаниямен келісім шарт тоқтатылған дейді. Ал оған дейінгі жұмыстардың ақысы толық төленгенін айтып, қалған мәселелерге қатысымыз жоқ деп отыр.

ЕРЛАН БАЙМЕНШИН, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

2025 тің аяғында біз құрылыс жұмыстарын дұрыс атқармағандықтан олармен шартты тоқтаттық, мәжбүр болдық. Бірақ істелген жұмыстарына толық ақшасын 2025-тің декабрінде біз төлеп бергенбіз. Ешқандай ары қарай бізбің қатысымыз жоқ. Бас олардың жұмысқа қосқан адамдары бола ма, бригадалары бола ма біз оған ары қарай қатысымыз жоқ.

Жұмысшылар қаржыға байланысты авторлық қадағалау жетекшілерінен күмәндәніп отыр. Бүгін кездесуге келіскен, бірақ келмепті.  Телефон арқылы байланысты, бірақ мардымды жауап ала алмады.

 НАДЕЖДА ЯНЫШКИНА, АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖЕТЕКШІСІ:

Маған қандай сұрақтарыңыз бар? Мен қандай төлемдерге әсер ете аламын? Түсіндіріп жіберіңіздерші. Мен жоба авторымын. Біз жобаны сыздық, сараптамадан өткіздік, оң қорытынды алдық, мердігер тендерді ұтып алды. Төлемдер бойынша маған қандай сұрақ болуы мүмкін?

ӘЙГЕРІМ ЕСЕНЕЛДІ, ТІЛШІ:

Жұмысшылар ақ адал еңбектің  ақысын алсақ дейді. Олар  тиісті органдарға арыз жазған, сотқа жүгініңдер деген ғана жауап келіпті. Ал сотқа берсек мәселе бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін, оған дейін жауапты тараптарды табу қиынға соғады деп алаңдайды.