Атырау облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу динамикасына талдау жасалды. Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінде сала мамандарының профилактикалық жұмыстардың кемшілігін, ата-аналар бақылауының төмендігі айтылып, жүйелі шаралар жоспары әзірленді.
Былтыр кәмелетке толмағандар арасында қылмыс 91 пайызға артқан. 198 жасөспірім 132 қылмыс жасаған. Басым бөлігі Атырау қаласы мен Жылыой ауданында тіркелген. Ұрып-соғу, ұрлық, тонау, өзге де әлеуметтік қауіпті қылмыстар биыл да жалғасуда. 17 жасөспірім 16 құқық бұзушылық жасаған. Жасөспірімдердің арман қуып, білім алар шағында криминалдық жолға түсуі мамандарды алаңдатып отыр.
ТОҚТАР ОРАЗОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Ағымдағы жылы жағдай біртіндеп тұрақтала бастады. Алғашқы 3 айда бұл көрсеткіш 61 пайызға төмендеп, 52-ден 20 қылмысқа дейін азайды. Негізгі себептердің қатарында ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, интенет ортасында кері әсері, сондай-ақ жасөспірімердің бос уақытын да тиіміді ұйымдастырудың жеткіліксіздігін атап өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша, нақты шаралар кешені әзіренді. Ең алдымен білім беру ұйымдарында прафилкактикалық жұмыс күйшейтіледі.
Жиында жасөспірімдердің арасында топтық қылмыстың екі есе өсіп кеткені айтылды. Құқық бұзушылық жасап есепте тұрған кәмелетке толмағандардың екінші мәрте қылмысқа баруы да түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі,- дейді сала мамандары. Әсіресе, соңғы уақытта қоғамды алаңдатқан мектептердегі жағдайдың алдын алуға болар еді,- деп отыр. Осы бағытта мектептегі күзет қызметіне қойылатын талаптар артып, психологтар жұмысын жетілдір ұсынылды.
МАРАТ ӘБУОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Білім беру басқармасы да осы үйлестіру кеңесінің нәтижесінде көптеген бірқатар тапсырмалар алды. Және бірлескен жұмыстардың жоспарын жасақтау жөнінде бірқатар шешімдер таптық. Әлеуметтік желілерді тиімді қолдану және өзге жат ағымдардан, жат әлеуметтік желілердегі контенттерерден сақ болу, алдын алу жұмыстары, сонымен қатар өзінің “Заң мен тәртіп" аясындағы адал азамат ретінде тәрбиелеу бағытындағы бірқатар ұсыныстар айтылды.
Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы қорытындысымен жасөспірімдердің құқық бұзушылығына қарсы іс-қимылдың жүйелі шаралары әзірленді.