$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

02.04.2026ж. 12:00
Түркістанда Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді
фото: gov.kz

Түркістан облысындағы Ордабасы тауының бөктерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Корольков қызғалдағы гүлдеді.

Бұл нәзік гүл еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана кездеседі. Биіктігі небәрі 6–7 сантиметр болатын өсімдік көбіне топталып өседі. Корольков қызғалдағы сирек кездесетіндіктен, ерекше қорғауды қажет етеді.