$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтауда жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы алаяқтық жасаған бухгалтер сотталды

02.04.2026ж. 10:39
Ақтауда жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы алаяқтық жасаған бухгалтер сотталды
фото: Zakon.kz.

ҚМА Маңғыстау департаменті тергеу жүргізді. Бухгалтер Instagram арқылы өзін әлеуметтік төлемдер бойынша маман ретінде таныстырып, жәрдемақыны заңсыз көбейтуге көмектесемін деп уәде еткен. Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге залал келтірген.

Сот үкімімен үш бөлмелі пәтерге тыйым салынып, 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.