Түркістан облысында 2010 жылы туған Хасен Мардан Ғалымжанұлы аман-есен табылды.
Жасөспірім 21 наурызда Ордабасы ауданындағы тұрғылықты жерінен шығып, Түркістан қаласына барған, сол кезде байланысқа шықпай, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Полицейлер оның жүрген бағытын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, Түркістан қаласын және көршілес аймақтарды тексерді.
Нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, ата-анасына табысталды.