Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 12 адамды құтқарып, 25 адамды эвакуациялады.
Астананың Сарыарқа ауданында, Жеңіс даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында өрт шықты. ТЖД күштерінің келіп жетуі бойынша екінші қабатта балкон және терезе ойығының жанғаны анықталды.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 25 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, 12 адам, оның ішінде 9 бала арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды.
Өрттің әрі қарай таралуына жол берілмей, 20 ш.м. аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.