Павлодарда кран жүргізушісі биіктен құлап, жарақат алды. Жұмыс барысында 47 жастағы әйел адам 15 метр биіктіктен құлаған. Салдарының аяғы, жамбасы сынып, бел омыртқасына зақым келген. Дәрігерлер жағдайының ауыр екенін айтады.
ДАРХАН МҮСЛИМАНОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Науқас өте ауыр жағдайда өндірістік травмадан кейін бізге жансақтау бөліміне түскен. Сол түскен уақытта жедел жансақтау бөліміне жатқызылды. Түскен уақытта операциялық шаралар көмектер көрсетілді. Қазіргі жағдайда жағдайы бір қалыпты. Есі анық, тыныс алуы өкпенің жасанды аппаратымен алуда.
Биыл Павлодар облысында 13 жазатайым оқиға болған. Соның кесірінен 1 адам өндіріс орнында көз жұмды. Ал 11 адам ауыр жарақат алған. Аталған іс бойынша өңірдің еңбек басқармасы тексеру жұмыстарын бастады.
ЕРБОЛ САЙФУРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:
«KSP Steel» ЖШС Кран машинистімен болған жазатайым оқиға бойынша Мемлекеттік еңбек департаментінде комиссия құрылып жатыр. Мән себептерін анықтау үшін. Тергеу жұмыстары аяқталғасын қосымша ақпарат береміз. Ал қалай болғанын мән себептерін тергеу жұмыстары барысында анықталады.