2-3 аптада соғыс аяқталып қана қоймай, Иран тас дәуіріне қайтады. Трамп Америка халқына жолдау жасады. Ол өзгелерді мазақ қылуды да ұмытпады. Франция Президенті Эммануэль Макронның әйелінен қалай таяқ жегенін де суреттеп, келеке етті. Енді Трамп Еуропа елдеріне мүлдем көмектеспеймін, - дейді. Ормуз бұғазын ашу міндетін Ұлыбритания өз мойнына алмақ. Трамп болса, Ақ үйдегі құрылысты жалғастыру үшін сотқа да барып келді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Бүкіл әлем менің Иранды қалай ойсыратқаныма тәнті болып отыр. Сырттай оттай береді. Іс жүзінде барлығы маған табынады. Трамп өзінің Америка халқына жолдауында осылай деп мақтанды. АҚШ Президентінің айтуынша, Иран ендігі қарсылық көрсете алмайды.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз 2-3 аптада Иранды қайтадан тас ғасырына шегереміз. Бұл өңірде адамдар Иранның ядролық қауіп көрсетуі туралы мүлдем ұмытады. Оларға неғылған ядролық қару? Тас ғасырынң деңгейіне ирандықтар әбден лайық. Қазір, өздеріне қандай қауіп төніп тұрғанын түсініп отыр. Маған күнде хабарласып, келесім жасайықшы, - деп өтініп отыр. Осында болса, аяғыма жығылатын еді.
Ормуз бұғазын мұнайға тәуелді елдер өздері ашсын. Біз өтініш жасаған кезде, теріс айналған елдерден біз де теріс айналамыз, - деп Трамп өзінің жолдауын жалғастырды. Макронның сыйқы анау. Әйелінен таяқ жеп, өзіне келе алмай отыр. Содан болар, талай жылғы достығымызды ұмытты. Трамп Франция Президентін де мазақ етіп үлгерді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
АҚШ мен Президент болғалы мұнай өндіріп, оны жанармай секілді дайын өнімге айналдыру бойынша бірінші орынға шықты. Қажет болса, басқаларға да сата аламыз. Еуропа елдері ойбай, Одақтаспыз, - дейді. Сол Ормұз бұғазын ашып берейін дегенде, біреуі көмектеспеді. Енді, өздері ашып алсын. Тирандармен қалай күреседі екен. Мен саусағымның ұшын да қимылдатпаймын.
Макрон болса, Жапония Премьер-министрімен анимэнің қимыцлдарын көрсетіп, мәз-мейрам. Макрон бірінші болып, АҚШ әскерін Франция арқылы өткізбей қойған. Тіпті, ең жақын одақтас Ұлыбритания да, Трамптың қаһарына ұшырады. Бірақ, Стармер міз бақпайды. Ормуз бұғазын ашу үшін 35 елдің басын қоспақ.
КИР СТАРМЕР, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Ұлыбритания Парсы шығанағындағы теңіз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көшбасшылықты өз мойына алды. Біз бейбіт жолмен әрекет етеміз. Халықаралық жұмыс тобы дипломатиялық жолмен, барлық тарап үшін тиімді шешім іздейді.
Трамп соттасқан алғашқы АҚШ Президенті атанды. Күні кеше Жоғарғы Сот Ақ үйдегі алапат құрылысты тоқтатып тастағандықтан, АҚШ Президенті аппеляциялық шағым түсіріп, Сот ғимаратына өз аяғымен барды. Бірақ, оны ғимарат алдында наразы топ қарсы алған.