$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Орта дәліз бен цифрлық экономиканы дамыту: Түркі елдері нақты қадамдарға келісті

Орта дәліз бен цифрлық экономиканы дамыту: Түркі елдері нақты қадамдарға келісті

Орта дәліз бен цифрлық экономиканы дамыту бойынша нақты қадамдар жасалмақ. Бакуде өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Үкімет басшыларының кездесуінде Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов бірқатар бастама көтерді. Цифрлық экономика келісімін ратификациялау жеделдетіліп, TURKMET ұйымын іске қосу ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан Орта дәлізді дамыту бойынша келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл Транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Түркістандағы «Тұран» арнайы экономикалық аймағында бірлескен өндірістер ашу көзделген. Кездесу қорытындысында елдер сауда, көлік және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге келісті.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты Түркі мемлекеттер ұйымынын  зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделді, ынтымағы жарасқан бірлестік ретінде таниды. Осы орайда біз бірлестігіміздің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз.