Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Депутаттар Ішкі істер министрін тасқынның алдын алуға шақырды

AstanaTV
24.01.2018ж. 20:00
2526
Депутаттар Ішкі істер министрін тасқынның алдын алуға шақырды

Сарышұнақ аязбен алысып жүрген құтқарушылар тасқынның алдын алуға да кірісуі керек. Депутаттар Ішкі істер министріне осылай деп сауал жолады. Өйткені биыл қар да қалың түскен. Депутат Берік Дүйсембинов, жылдағыдай су астында қалмас үшін, алдын ала қамдану керек, деп отыр. Соңғы екі жылда Атбасар, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарындағы тасқынның салдарын жоюға 57 млрд теңге жұмсалған.

Құтқару қызметінің тығыз жұмысына қарамастан, тасқын қаупі бар аумақтарды қардан бөгеу, қоршау, тазалау жұмыстары жүргізілуі керек. Тиісті шаралар қар ерігенге дейін атқарылуы тиіс.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ