Алматы қаласында "STOP бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2 күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4 828 дерегі анықталды. Рейд барысында қауіпсіздікке қатер төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда:
- Көлік құралын басқару құқығы жоқ азаматтардың көлік жүргізуінің 44 дерегі;
- Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың қайтадан көлік басқаруының 8 дерегі;
- Жалған мемлекеттік нөмір пайдалану бойынша 8 дерек;
- Қарсы қозғалыс жолағына шығудың 15 дерегі анықталды.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2 мыңнан астам автокөлік, оның ішінде шетелдік тіркеудегі көліктер де арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Қала полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.