Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Депутаттар «Қазақфильмнің» сатылуына қарсы

AstanaTV
24.01.2018ж. 20:00
1906
Депутаттар «Қазақфильмнің» сатылуына қарсы

Депутаттар «Қазақфильм» киностудиясының жеке қолға сатылуына қарсы. Бүгін бір топ депутат осылай деп Үкімет басшысына сауал жолады. «Киностудияны сатып алатын адам киноөндіріспен шұғылданбайды. Ол таяу арада коммерциялық пайда бермейді. «Әйгілі «Голливудтың», тіпті бізге жақын «Мосфильмнің» дәрежесіне жетуге жылдар мен қыруар қаржы керек. Сірә, оның тұрған жері мен ғимараттары қызықтырып тұрса керек. Ал шетелдіктердің қолына тисе, онда, сөз жоқ, біз ұлттық кинодан, осы салада Елбасы мақаласында айтылған ұлттық код, тегімізді насихаттау мүмкіндігінен айырыламыз», - деді депутат. Еске салайақ, киностудия екі жыл бұрын жекешелендіру тізіміне іліккен.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Студияны сатып алған қожайын өзінің идеологиясын жүргізеді. Ол біздің жас өркен таланттарымызды өз мүддесіне орай пайдалануы мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, «Қазақфильм» киностудиясын жекешелендіру тізімінен шығару мүмкіндігін қарастыруды өтінеміз. Заң бойынша жауап күтеміз.

Сондай-ақ депутаттар, Үкімет 97-ші қадамды орындауға құлықсыздық танытып отыр, дейді. Онда мемлекеттік қызметті ықшамдау, артық қызметтер мен бюджетті 10 пайзыға қысқарту туралы нақты жазылған. Дамыған елдерде мемлекеттік қызметкерлер саны 10-15 пайыз аралығында. Ал Қазақстанда ол 21 пайызды құрайды. Соңғы төрт жылда мемлекеттік қызметрлерді асырып-сақтауға кететін шығын 600 млрд-тан 1 трлн 320 млрд-қа дейін өскен.