$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көшеде көпшілікке тас лақтырған қыздар елден шығарылады

03.04.2026ж. 17:36
Көшеде көпшілікке тас лақтырған қыздар елден шығарылады
Фото: instagram.com/almaty_police_department

Алматыда тәртіп бұзған жасөспірім қыздар Тәжікстан азаматтары болып шықты. Полиция оларды ұстап, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған.

Ал жасөспірімдердің заңды өкілдері балалардың ерсі қылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оларды Қазақстаннан шығару мәселесі қарастырылып жатыр.