$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте туған қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Шымкентте туған қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Шымкент тұрғыны өзінің туған қызын зорлаған. Азғын ер адам өмір бойына сотталды. Бұл іс қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық жағдайда қаралды. Сотталушының кінәсі сараптама қорытындысы бойынша толық дәлелденген. Айта кетейік, бұл сұмдық оқиға өткен жылдың желтоқсанында әшкереленген. Полицияға 15 жастағы колледж студенті өзі арызданған. Анықталғанындай, туған әкесі 11 жасынан бері оның дәрменсіз күйін пайдаланып, азғындық әрекет жасаған.  Бірақ жасөспірім қорқып, ұзақ уақыт бойы ешкімге айтпай келіпті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.