Алматыда тұрғындарға тас лақтырған тәжікстандық жеткіншектер елден қуылуы мүмкін. Шетелдік жасөспірімдердің бұзақылығы түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда қыздардың топтасып алып, өткен-кеткеннің бәріне тиіскені, дәмханаларға баса-көктеп кіріп, адамдардың мазасын алғаны көрінеді. Олар көбіне қыздар мен әйелдерге қысым жасаған. Жеке заттарын ұрлап, тіпті күш қолданыпты. Жеткіншек қыздар жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жайғастырылды. Ал олардың ата-анасы уақытша қабылдап тарату орталығына қамалған. Араларында Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің азаматтары бар. Енді оларды Қазақстаннан депортациялау мәселесі қаралып жатыр.