$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«TESLA» көлігіндегі 14-тегі жасөспірім ұсталды

«TESLA» көлігіндегі 14-тегі жасөспірім ұсталды

Елорда көшелерінде заңды белшесінен басқан темір тұлпар ұсталды. «Tesla» көлігінде 14 -тегі жасөспірім болған. Ол тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Көлік ішінде жасөспіріммен бірге кәмелетке толмаған досы да болған.  Наурыз айында да дәл осы көлікпен бірнеше мәрте жол ережесі бұзылып, қауіпті маневрлер жасалған көрінеді. Қазіргі таңда «Tesla» тұраққа тоғытылды. Ал жасөспірімнің ата-анасына   бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның тізгіндеуі, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамға көлікті беру деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.  Ата-аналарды балаларының іс-әрекетіне бей-жай қарамауға шақырамы.