$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында еріген қар суы әсерінен тасжол ортасынан опырылып түсті

AstanaTV
03.04.2026ж. 19:00
Алматы облысында еріген қар суы әсерінен тасжол ортасынан опырылып түсті

Алматы облысында  тас жол ортасынан опырылып түсті. Кеген - Нарынқол автожолының 20-шақырымында еріген қар суын өткізетін су өткізгіш құбыр зақымданып, салдарынан жол астындағы топырақты су шайып, жол опырылған. Аталған аумақта көліктің барлық түріне қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Жақын арада қиыршық тас төселген уақытша айналма жол салу жоспарланды. Негізгі қалпына келтіру жұмыстары қар суы толық тартылған соң басталады.