Қызылжар өңірінде тасқынның бірінші толқыны шарықтау шегіне жеткелі тұр. Бүгін Сергеев су қоймасында су дамбаның үстінен 45 см-ге асқан. Қазгидромет мамандарының айтуынша, бүгін-ертең өзен деңгейі тағы біршама көтеріліп, артынша түсе бастайды. Жағдай әзірге тұрақты. Есіл арнасынан асып, елді мекендерді су басқан жоқ, дейді құзырлы орган мамандары. Теріскейде қар түгел ерігенмен, Ақмола облысы аумағында әлі де бар. Сала мамандары тасқынның әлі екінші толқыны болатынын айтады.
“ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ:
Қызылжар өңірінде шағын өзендер сәуірдің төртіне дейін көтерілмек. Су деңгейі қауіпті көрсеткішке жеткен жоқ. Жағдай тұрақты. Жалпы Сергеев су қоймасында Есілдің деңгейі сәуірдің жиырмасына қарай шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде.