$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері нашақорлық бойынша 300-ге жуық азаматқа қылмыстық іс қозғалған

AstanaTV
03.04.2026ж. 19:00
Жыл басынан бері нашақорлық бойынша 300-ге жуық азаматқа қылмыстық іс қозғалған

Жыл басынан бері нашақорлық бойынша 300-ге жуық азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оның 95-і есірткі сатумен айналысыпты. Қорқынышты статистиканың басым бөлігі- жастар. Сондықтан елордада «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Taza Fest» атты ауқымды антинаркотикалық концерт ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - жастар арасында есірткіге қарсы берік иммунитет қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыру. Жиында танымал жұлдыздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сондай-ақ, студенттерге есірткінің зардабы мен қылмыстық жауапкершілік туралы арнайы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ. ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда есірткі бизнесі дейміз, оған жастарды, әсіресе студенттерді 18-25 жастағы жас қыздар мен жігіттерді баулиды, тартады. Жеңіл ақша табуға шақырады. Бүгінгі іс-шара біз қала бойынша ЖОО, колледж студенттерін шақырудамыз. 2000-ға жуық студент қатысуда.