$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда 75 жастағы қарияның үйіне баса көктеп кіріп, тонап, мазақ еткен 8 жасөспірім сотталды

03.04.2026ж. 19:00
Қарағандыда 75 жастағы қарияның үйіне баса көктеп кіріп, тонап, мазақ еткен 8 жасөспірім сотталды

Қарағандыда 75 жастағы қарияның үйіне баса көктеп кіріп, тонап, бетіне түкіріп мазақ еткен 8 жасөспірім мен 34 жастағы азамат 5 тен 7 жылға дейін сотталды. Бүгін облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты   үкім шықты.

СОВЕТХАН СМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Күдіктілер  кінәлі деп танылды. Олардың екеуі жазасын қатаң режимдегі түзету мекемесінде 7 жыл, қалғандары орташа қауіпсіздіктегі мекемеде 5 жыл өтейді. Үкім тергеу материалдарындағы айғақтар мен дәлелдерге сүйеніп шығарылды.

16-17-дегі жасөспірімдер Теміртау қаласында жалғызбасты қария мен тағы бір азаматты осылай бірнеше рет қорлап, телефон ақшаларын тартып алумен қоймай видеоға түсіріп   таратқан. Содан кейін  оқиға үлкен резонанс тудырды. Жәбірленуші тіпті арыз жазуға да қорыққан. Бұзақылардың екеуі ақша бопсаласа, тағы бірнешеуі қорлап ұрған, қалғандары үйге ешкім кірмеуін аңдып күзеткен. Оларға біреудің үйіне заңсыз баса көктеп кіріп топпен бірнеше рет тонау деген ауыр айып тағылған болатын. Бүгін сотталғандардың аналары жазаның тым қатал болғанын айтып эмоцияға ерік берді. Олардың айтуынша айыпталушылардың туыстары қоғамда буллингке ұшырағаны да ескерусіз қалған.

УЛЬЯНА ФИЛИППОВА, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

16 жастағы баланы 6 жыл соттау тым қатал. Әрине мен баламның әрекетін жақтамаймын, ол кінәсін жартылай мойындады. Кей балалар жәй қарап тұрған, ештеңе істемеген. Олар бала. Осыдан кейін олар да отбасымен буллингке ұшырады. Машинамды өртеді, үйдегі қызымды мазақтады. Мектепке бара алмай қалдық. Сол адамдар жазасыз кетті. Сондықтан біздің балаларға қатысты үкіммен келіспейміз қайта шағымданамыз.