Алматыдағы Розыбакиев көшесі, 53 мекенжайында рұқсатсыз салынған тұрғын емес нысанға қосалқы құрылыс анықталды.
Бұл туралы Қала құрылысы бақылау басқармасы мәлімдеді. Басқарма инспекторлары жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың мәліметінше, қалада заңсыз құрылыс фактілерін анықтау және оның жолын кесу жұмыстары күшейтілген.