$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында төртінші тур ойындары басталады

04.04.2026ж. 10:24
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында төртінші тур ойындары басталады
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл турдағы ойындар 4 және 5 сәуір күндеріне белгіленген.

4 сәуірде төрт кездесу өткізілсе, 5 сәуірде төрт ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, ІІ тур ойындары:

4 сәуір
15:00. «Ертіс» - «Алтай»
17:00. «Елімай» - «Тобыл»
18:00. «Қайсар» - «Қызылжар»
19:00 «Ордабасы» - «Атырау».

5 сәуір
15:00 «Ұлытау» - «Ақтөбе»
16:00 «Каспий» - «Жетісу»
18:00 «Қайрат» - «Астана» 
19:00. «Жеңіс» - «Оқжетпес».

Үшінші турдан кейін алғашқы төрт орындағы «Астана», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қайрат», командаларының жеті ұпайы бар.