$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

04.04.2026ж. 12:28
Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды
Фото: ҚБФ

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан бүгін, 4 сәуірде ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (50 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазақстандық боксшы ширек финалда үндістандық Вишванаш Сурешпен қолғап түйістірді.

Санжар Ташкенбай 2003 жылы 1 маусымда дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Оған қоса Санжар 2025 жылы World Boxing аясындағы әлем кубогында чемпион атанды.

Ал Вишванаш Суреш 2024 жылы Астанада U22 санатындағы Азия чемпионы болды.

Жекпе-жек барысында қос қарсылас бір-біріне көбірек соққы жұмсауға тырысты. Десе де төрешілер шешімімен алғашқы екі раундта Санжар қарсыласына есе жіберіп қойды. Шешуші раундта Санжар нокдаунға түсіп қалды. Нәтижесінде ол үндістандық боксшыға есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтады.