$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарына енді

04.04.2026ж. 18:29
Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарына енді
Фото: Kazinform

Қазақстан Республикасы 2026 жаһандық терроризм индексі (GTI) бойынша терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдер қатарына енді.

Биыл Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстап отыр. GTI деректері бойынша, ел 0,000 ең төменгі балл алды, бұл лаңкестік оқиғалардың іс жүзінде нөлдік қаупін көрсетеді. Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Түркіменстан және Молдова да нөлдік ұпай алды. 

Халықаралық сарапшылар тобы қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қауіп-қатердің алдын алудың кешенді жүйесі, қауіпсіздік органдарының жұмысы және халықаралық ынтымақтастық арқылы қамтамасыз етіледі деп санайды. 

– Еліміз стратегиялық маңызды нысандарды – әуежайларды, теміржол тораптарын, энергетикалық нысандарды бақылау үшін заманауи технологияларды пайдаланады. Құқық қорғау органдары ШЫҰ және ҰҚШҰ аясында төтенше жағдайларға жедел ден қою жаттығулары мен көршілес елдермен бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді, - деп атап өтті сарапшылар. 

Сонымен қатар радикалданудың алдын алуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мектептер мен университеттер қауіпсіздік бағдарламаларын жүзеге асыруда, жастар цифрлық кеңістікте жалған ақпарат пен экстремистік идеяларға қарсы тұруға үйретіліп жатыр. 

– Бүгінде Қазақстан аймақтағы ең қауіпсіз елдердің бірі болып қала береді, ал үкімет қауіпсіздік шараларын күшейтіп, халықтың хабардарлығын арттыруды жалғастыруда, - делінген GTI баяндамасында.