$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Үш ірі қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

04.04.2026ж. 20:20
Үш ірі қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: pixabay

Синоптиктер еліміздің үш ірі мегаполисінде 5-7 сәуір аралығында ауа райының қолайсыз болатынын ескертті. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп күтілуде.

Елордада алдағы үш күнде ауа температурасының айтарлықтай құбылуы байқалады:

5 сәуір күні күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +13+15°С.

6 сәуір күні жауын-шашын тоқтайды. Түнде термометр бағаны 0°С дейін төмендегенімен, күндіз +15+17°С дейін жылынады.

Ал 7 сәуір күні жауын-шашынсыз, жылы күн күтілуде. Күндіз ауа температурасы +21°С дейін көтеріледі.

Алматылықтар үшін алдағы екі күн жауын-шашынды болмақ. Екі күн қатарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Желдің екпіні 13-15 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +22...+26°С аралығында сақталады. 7 сәуір күні күн ашылып, аптап ыстық басталады. Күндіз ауа райы +27°С дейін жетеді.

Шымкентте де ауа райы құбылмалы болады:

5 сәуір күні жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с жетеді.

6 сәуір күні жауын-шашынсыз, күндіз +28°С дейін ыстық болады. 

Ал үшінші күні қайтадан жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт төмендейді (+17+19°С).