$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Текелі қаласында жер сілкінді

04.04.2026ж. 22:16
Текелі қаласында жер сілкінді
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында Текелі қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 50 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жерасты дүмпуі 2026 жылғы 4 сәуір күні Астана уақытымен 12:40-та, ал Гринвич уақыты бойынша 07:40-та тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 44,78 және шығыс бойлықтың 79,66 градусында орналасқан. Жер дүмпуінің магнитудасы mb=3.7, энергетикалық класы K=8.6 деп көрсетілді.