Қазақстан Премьер-лигасында төртінші турындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
Бұл турдағы ойындар 4 және 5 сәуір күндеріне белгіленген. Бүгін, 4 сәуірде төрт кездесу өткізілсе, 5 сәуірде төрт ойын болады.
Алдымен «Ертіс» (Павлодар) мен «Алтай» (Өскемен) командалары жасыл алаңға шықты. Өткен жылы бірінші лигада топ жарып, биыл Премьер-лигада сынға түсуге мүмкіндік алған командалар алғашқы минуттан шабуылға шықты. Десе де кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды павлодарлық клубтан Юши Шимамура 36-минутта өзінің еншісіне жазды.
Осылайша «Ертіс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ қазір «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуінің нәтижесі белгілі болды. Қос команда алдағы маусымда үздіктер қатарынан көрінуді қалайды. Сондықтан олар алғашқы минуттан алға қарай ұмтылды. Ойынның 75-минутында семейлік клубтан Роман Мұртазаев соққан гол кездесу тағдырын шешті.
Бұл ойында «Елімай» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Алғашқы ойын күнінде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» 1:1 есебін тіркеді.