$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қола медаль иеленді

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қола медаль иеленді
Олимпиада комитеті

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан өткен халықаралық Гран-при кезеңінде қазақстандық спортшы Ақмарал Ерекешева үздіктер қатарынан көрінді. Отандасымыз жекелей көпсайыста қола медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмарал Ерекешева турнир барысында үздік өнер көрсетіп, төрешілерден жоғары ұпай алды. Ол барлық жаттығу түрлерінің қорытындысы бойынша 106,900 балл жинап, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Жарыс жолындағы басты бәсекелестердің көрсеткіштері төмендегідей:

Алина Горносько (Беларусь) – 112,200 балл (алтын);

Мария Борисова (Ресей) – 110,350 балл (күміс);

Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) – 106,900 балл (қола).

Тье қаласындағы Гран-при – әлемдік гимнастика күнтізбесіндегі беделді жарыстардың бірі. Қазақстандық гимнасшылардың бұл жетістігі оның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.