$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Балықшылар мұз құрсауынан құтқарды

Балықшылар мұз құрсауынан құтқарды
ТяжМ

Павлодар облысы Шаңдақсор көлінде екі балықшы қауіпті жағдайға тап болды — олардың резеңке қайығы мұз кесектерінің арасында қысылып, көктемгі борпылдақ мұз жағалауға шығатын жолды жауып тастаған.

Дабыл туралы хабар 112 пультіне Солнечный кентінен түсті. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті.

Арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, құтқарушылар адамдарды су айдынының қауіпті учаскесінен эвакуациялады.

Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында балықшылар аман-есен құтқарылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.