$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Полиция қызметкерін ұрған

Полиция қызметкерін ұрған
ІІМ

Атырау облысы Мақат ауданында бір топ азамат полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, күш қолданған.
Оқиға 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де болған. Мақат ауданында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында құқыққа қайшы әрекеттің жолын кескен. Тексеру барысында бір топ азаматтың қарсылық танытқаны анықталды. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері зардап шекті.

- Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану» бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.