$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сергеев су қоймасы 120 пайызға толып, тасып жатыр

06.04.2026ж. 10:21
Сергеев су қоймасы 120 пайызға толып, тасып жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы тасып, бөгет жотасынан асқан су деңгейі 111 см-ге жетті.

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, гидрологиялық тораптағы су деңгейі бір тәулікте 26 см-ге жоғарылаған. Ал Сергеевка қаласы жанында Есіл өзенінің деңгейі 2,7 метрге көтеріліп, 642 см-ге жетті. Десек те, қауіпті деңгейге дейін әлі сонша керек.

Облыс аумағында Есіл өзені басталатын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда су деңгейі түсіп жатыр. Шөптікөл ауылының маңында шамамен 1 метрге, Дружба елді мекені жанында 38 см-ге, Тоқсан би ауылының маңында 20 см-ге төмендеді. Шағын өзендерде бірнеше күннен бері су деңгейі түсіп келеді.

Ал Есіл ауданындағы Покровка, Николаевка елді мекендерінде өзен суының деңгейі 85 см-ге көтерілген.

Мамандар 6-8 сәуір аралығында Ғабит Мүсірепов, Шал ақын Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің әлі де көтерілетінін ескертіп жатыр.