1 сәуірден бастап Ұлытау мен Маңғыстау өңірлерін жалғайтын тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мәлім етті.
Алғашқы рейсті Маңғыстау станциясында жұрт салтанатты түрде қарсы алды.
«Қарағанды–Жезқазған» бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді «Қарағанды–Маңғыстау» бағыты ретінде қатынайтын болды.
• Купе — 22 123 тг
• Плацкарт — 14 467 тг
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.