$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Майқайыңда 2 бірдей адамның мәйітін үйіне сақтаған күдіктілер жындыхана жатқызылды

06.04.2026ж. 19:00
Майқайыңда 2 бірдей адамның мәйітін үйіне сақтаған күдіктілер жындыхана жатқызылды

Павлодар облысының Майқайың кентінде 2 бірдей адамның мәйітін үйіне сақтаған күдіктілер жындыханаға жатқызылды. Егде жастағы тұрғын күйеуі мен қызының мүрдесін 2 жыл бойы үйінде ұстап келген. Сұмдық оқиға ақпан айында белгілі болды. Қазір уақытта егде жастағы әйел мен оның қызы психиатриялық диспансерде ем алып жатыр. Оларға қайтыс болған адамдардың денесін және олар жерленген орындарды қорлау, сондай-ақ, алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды.

Ал мәйіттермен бірге тұрған 6 жастағы кішкентай қыз Екібастұз қаласының «Үміт» балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Денсаулық жағдайы жақсы. Қазір мектеп алды дайындық сыныбына барып жүр.