$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда мектепке бара жатқан 8 жасар қызды жүргіншілер жолында көлік қағып кетті

Атырауда мектепке бара жатқан 8 жасар қызды жүргіншілер жолында көлік қағып кетті

Атырауда мектепке бара жатқан 8 жасар қызды жүргіншілер жолында көлік қағып кетті. Өкінішке қарай, бірінші сынып оқушы сол сәтте көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңертең  Әл-Фараби атындағы Бином мектебінің дәл алдында болды.  Кейбір мәлімет бойынша, 52 жастағы жүргізуші  басқаруындағы Toyota Hiace автокөлігімен  қыз баланы басып өткен. Оқиға орнында қан іздері әлі жатыр. Қайғылы жағдай қыз баланың анасының көзінше болған. Мектеп ата-аналары бұған дейін жолдың қауіпті екенін айтып, 4 мың бала оқитын ірі білім ордасының  алдында  бағдаршам  қойылу керектігін ескерткен. Мектеп басшысы да бұл ұсынысты жергілікті әкімдікке бірнеше рет жеткізген көрінеді. Бірақ құлақ асқан ешкім болмапты.

ӨНЕРБЕК ЕРҒАЛИЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ БИНОМ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірінші екі қыз бала өтіп кетеді. Артынан сыныптастарын қуып жетем деп жылдам өткенде  мына жақтан машина да келіп қалады. Менің өзім көргенім. Ата-анасы арғы беттен жолдан өткізіп тұрған.  Бірге өтпеген. Ата-анасы қалып қойған сол сәтте. 2024 жылдан бері әкімдікке бұл тараптан хаттар жазылған болатын. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам қою туралы. Біздің хатымыз бар. 

ГҮЛНАР ЕСЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мына жерге шырақ қою керек. Жасыл шырақ жанғанда бала өтеді. Өте қауіпті, көлік өте көп. Кейбір кісілер балаларын қалдырады да жолдан өзі өтіп кетеді де, салғырт қарайды.  Негізі олай дұрыс емес қой. Жүгіріп өтеді кейбір балалар, сосын ол кісілер балар жоқ деп жылдамдықты беріп өтіп кетеді.  Өте те жүреді. Сосын  құттай ғо бұлардың бойы , көрінбей қалады. Аянышты енді.