$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 50 жастағы ер адам мысықты құтқарам деп өзі мерт болды

06.04.2026ж. 19:00
Павлодарда 50 жастағы ер адам мысықты құтқарам деп өзі мерт болды

Павлодарда 50 жастағы ер адам мысықты құтқарам деп өзі мерт болды. Оқиға қаладағы Солтүстік өнеркәсіп аумағында болған. Ол 6 метрлік ағашқа шығып кеткен мысықты түсіріп алмақ болыпты. Абайсызда аяғы тайып, құлап кеткен. Ауруханаға жеткізгенмен, оны құтқару мүмкін болмады. Ал тағы бір қала тұрғыны үйдің төбесінен құлап көз жұмды. Кенжекөл ауылында да 30 жастағы жігіт  үйдің төбесінен құлап кеткен. Абырой болғанда, ол аман қалды. Түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.