$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында екі полицияны соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Атырау облысында екі полицияны соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Атырау облысында екі полицияны соққыға жыққан күдіктілер ұсталды.

Оқиға Мақат ауданында болған. Түн ішінде ішімдік ішіп отырған бір топ жігіт қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшыларын  тепкілеп тастаған. Қазір күдікті 6 тұрғын ұсталып, уақытша қамауға алынды.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып,  ұсталып қамауға алынды.  Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша,  қылмыстық іс қозғалды.  Сонымен қатар кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.