Ақтөбеде қоқыс полигонындағы қалдықтар айналаға ұшып, тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда. Бұл-жай қоқыс емес, экологиялық қауіп болуы мүмкін. Табиғат жанашырларының айтуынша, қоқыс қалдықтары шамамен бір жарым шақырым жерге дейін таралған. Мамандардың пікірінше, мәселені шешудің бір ғана жолы-полигонды толық қоршау. Биік қоршау немесе арнайы тор қоқыстың ұшуына тосқауыл болады. Әзірге бұл бағытта нақты шаралар қолға алынбаған, дейді экобелсенді.
ЕВГЕНИЙ ЛАЗАРЧУК, ЭКОБЕЛСЕНДІ:
Полигонда қоршау болуы тиіс, ол биік болуы керек, сондай-ақ желдің жоғары көтерілетін ағындарымен пакеттер ұшып кетпеуі үшін үстінде шағын қалқа болуы шарт. Қазіргі кезде қоқыс төгілетін жаңа полигонда қоршау бар, бірақ ол жартылай бұзылған және аласа. Сонымен қатар, бұл полигонды көгалдандыру маңызды. Ағаштар желден қорғайды, кейбір заттар ілініп қалады. Әрине, эстетикалық жағынан дұрыс емес шығар, бірақ жасыл желек қоқысты ұстап қалады.
Жергілікті билік биыл биіктігі 4 метр қоршау саламыз, деп уәде берген. Тұрғындар мәселені созбай, нақты шешім қабылдауды талап етеді.
АРСЕН ЖОЛАМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Пакет ұшады жел болғасын енді жаңағы бәрі. Қақпа, заборлар тұр, оған қарамастан ұшып келіп жатыр. Жаңағы машиналардан да ұшып келіп жатыр бері қарай. Забор бұйырса жаңағы Алматының заборы салынады осы жазда деген.