$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысының Отырар ауданы аумағындағы тасбақалар жаппай қауіпсіз аумақтарға көшіріліп жатыр

Түркістан облысының Отырар ауданы аумағындағы тасбақалар жаппай қауіпсіз аумақтарға көшіріліп жатыр

Түркістан облысының Отырар ауданы аумағындағы тасбақалар жаппай қауіпсіз аумақтарға көшіріліп жатыр. Табиғат жанашырлары бауырымен жорғалаушы жыландар мен кесірткелерді де егістік алқаптардан аулаққа әкетуде. Оңтүстік өңірде  ортаазиялық тасбақа тұқымы кең таралған. Ал олар құрып кету қаупі туындаған тіршілік иелерінің қатарына жатады. 22 наурыздан іске кіріскендер бүгінге дейін 7 мыңнан астам тасбақаның  мекенін ауыстырған. Мамыр айында тасбақалар ұйқыға кетпей тұрып, оларды көшіріп үлгеру керек дейді олар.

ЮЛИЯ ЦАУГГ, «ТАСБАҚА» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз қазір ауыл шаруашылылығы мақсатында жерлердің көптеп игеріліп жатқанын білеміз. Шаруашылық дамуы да керек. Дегенмен де бұл аумақтардағы тіршілік иелерін барынша сақтап қалғымыз келеді. Осы мақсатта жұмысты жалғастыра бермекпіз.