$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп: «Иранның өмірін тозаққа айналдырамын»

Трамп: «Иранның өмірін тозаққа айналдырамын»

Ирандағы соғыстың кесірі Украинаға тиіп жатыр. Владимир Зеленский осылай деп, - базынасын жеткізді. Ал, АҚШ-тың бірден екі ұшағын Иран Әуе Қорғанысы кешендері атып түсірді. Иран ұшқыштарды қолға түсірдік, енді азаптаймыз десе, Трамп оларды құтқарып алдық, - дейді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Ирандағы соғыстың кесірі бізге тиіп жатыр. Бұның барлығы Ресейге тиімді. Себебі, біз үміттеніп отырған қару енді Таяу Шығыста жұмсалып жатыр. Украина Президенті батыстық басылымдарға өз базынасын жеткізді. Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ирандағы жағдайдың тұрақталуы, Араб елдері үшін де, АҚШ үшін де емес, ең алдымен Украина үшін керек.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүкіл әлемнің назары бізде емес екендігін мойындау керек. Менің жеке пікірім емес. Баршамыз бақылап отырмыз. Жаһан назары – Таяу Шығыста. Соғыстың ұзаққа созылғаны дегеніміз – Украинаға қолдау азаяды. Қару-жарақ, техника және қаржылай көмектің барлығынан қағыламыз. Себебі, Иран біздің жалғыз торабымыз – Қара теңіздің де қауіпсіздігіне әсер етіп жатыр.

Иран демалыс күндері бір мезетте екі америкалық ұшақты атып түсірді. Дәлел ретінде, оның бөлшектерін де жаһандық желіге жар салды. Ең бастысы, екі америкалық ұшқышты тұтқынға түсірдік деп мақтанды.

ИБРАГИМ ЗОЛЬФАГАРИ, ИРАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Біз Америка лаңкестік әскерінің бүкіл жоспарларының күл-талқанын шығардық. Ұшқышты құтқару жоспары да сәтсіздікке ұшырады. Біз себебі, тікұшақтарды атып түсірдік. Жаратушының өзі бізді қолдап тұр. Себебі, радиоэлектрлік қорғаныс кешендері үшін алынбайтын ұшақ жоқ. АҚШ жақын арада толығымен жеңіледі.

Бірақ, АҚШ екі ұшқышты да құтқардық. Арнайы күштердің операциясы сәтті аяқталғанын ресми хабарлады. Трамп болса, кенеттен Ормуз бұғазын ашуға ниеттеніп отыр.  Егер, Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын бұғаттауды тоқтатпаса, бүкіл елді жермен-жексен етеміз, - дейді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ормуз бұғазын дереу ашыңдар. Сендер естеріңнен алжасқан сұмырайсыңдар. Егер менің талаптарымды орындамасаңдар, өмірлеріңді тозаққа айналдырамын. Осыдан көресіні менен көресіңдер. Алла тағала сендерді емес, мені қолдайды.

АҚШ пен Канада ғарышкерлері Айға сапардың жартысын орындады. Енді НАСА-ның Артемида миссиясы Айдың екінші бетін айналып өтпек. Жай ғана айналып қана қоймай, жер серігіндегі қонуға болатын жерлерді зерделемек.