$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда «AMANAT» партиясының қолдауымен еркін күрестен республикалық турнир өтті

AstanaTV
06.04.2026ж. 19:00
Алматыда «AMANAT» партиясының қолдауымен еркін күрестен республикалық турнир өтті

Алматыда колледжде оқитын 250-ден астам жас палуан күш сынасты. Сайыста студенттер 52 келі салмақ дәрежесінде бозкілемде белдесіп кіл мықтыны анықтады. Республикалық турнир "AMANAT" партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен «Алматы сервис және технологиялар колледжінің» 74 жылдық мерейтойы аясында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, еркін күрес спортын кеңінен дамытуға және насихаттауға көмектеспек.

ЖАРҚЫН ЖАНИЯЗОВА, АЛМАТЫ СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы бүгінгі турнирге халықаралық дәрежедегі төрешілер келіп отыр. Алдымызда тұрған боз кілемде әлем чемпиондары белдескен болатын, енді біздің техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің белдесіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе, қуаныш.

ӘЛІБЕК БАҚЫТ, СПОРТШЫ:

Бүгінгі жарыс өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бірінші кругта осы ұпай бойынша ұтып шықтым. Қарсыласым да өте жақсы палуан. Және осы кругқа ғана шектеле бермей келесі кругта ұтып, чемпион болуға дәм етіп отырм.

Сондай-ақ додаға еліміздің еңбек сіңірген спортшылары да ат салысып, сайыстың әділ өтуін қамтамасыз етті. Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.