Алматыда танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлы өлі табылды.
Бұған дейін марқұм Баир 24 наурыз күні үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат тараған еді. Ол әншінің жалғыз ұлы болған. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталмыш азаматтың өлі денесі Бостандық ауданда кеше табылған болатын. Оның өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.